131

«ТikTok» тау көтерген Толағайдай, сәт санап жұрт арасында кең етек алып бара жатқан әлеуметтік желілердің бірі.
Бүгінде әлеуметтік желі арқылы танылып, жұлдыз атанып жүрген таланттар көп.

Солардың бірі - Аружан Рахымберлі.
Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің “Бастауыш білім беру” мамандығының 4 курс студенті.

Оның колледжде ұйымдастырылған “Жаңа жыл -2024” мерекелік кешінде орындаған әні “ТikTok” әлеуметтік желісінде бір күнде 6 млн қаралым жинаған.

Бүгінгі таңда “ТikTok” әлемінің жұлдызына айналған Аружанның 235 мыңнан астам оқырманы бар.

Ол алдағы уақытта ұстаздық етумен қатар, ән айтуды да бірге алып жүруді қалайды.

Барша колледж ұжымы Аружанға сәттілік тілей отырып, жұлдызың жана берсін деген тілек білдіреді.

134

135